«Тұмар-2023»: Өтінімдер қабылдау басталды

2 Маусым 2023, 12:15 1199

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өтінімдер 18 маусымға дейін қабылданады. Байқауға 2022 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынай алады.

Номинациялар:

«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында еліміздің 1 500 астам кәсіби журналист қатысуға өтінім беріп, 258 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 70 маманы ие болып отыр.

2023 жылдың жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

EL.KZ
Бөлісу: