Тұман түсіп, қар жауады: 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

10 Желтоқсан, 07:43 354

Қазгидромет синоптиктері ауа райына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, солтүстігінде қарлы боран болады деп болжанады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, желдің күшеюі, - делінген "Қазгидромет" ақпаратында. 
Перизат Саденова
Бөлісу: