Тұман, нөсер жауын: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

21 Қазан, 05:39 446

Қазгидромет мамандары 21 қазанда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20 м/с.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Зарина Арман
Бөлісу: