Тұман, найзағай, өрт қаупі: 28 тамызға арналған ауа райы болжамы

28 Тамыз, 06:30 472

«Қазгидромет» РМК 28 тамызда еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады деп болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жөғары өрт қауіпі сақталады.

Алматыда күннің соңында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бкөтерді аудандарында күші 15-20 м/с. 28 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 28 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: