«Қазгидромет» РМК ел аумағында 7 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жауын-шашын, көбінесе солтүстікте қарлы бұрқасын түрінде, оңтүстік-шығыста көбінесе жаңбыр жауады. Еліміздің барлық аймағында тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжануда, - деп жазды ведомстводан.
Синоптиктердің болжамдарына сүйенсек, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.