Тұман, көктайғақ: 18 қарашаға арналған ауа райы болжамы

18 Қараша, 05:29 380

«Қазгидромет» РМК 18 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы

17 қараша кешінен 18 қараша сағат 20:00-ге дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші дәрежесі туралы ескерту сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысы

Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында көктайғақ болуы мүмкін.

Түркістан облысы

Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, таулы асуларда жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Жамбыл облысы

Таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: