Тұман, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

17 Қараша, 05:21 442

«Қазгидромет» 17 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз күші 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Зарина Арман
Бөлісу: