Тұман, көктайғақ: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

16 Қазан, 06:26 421

Қазгидромет 16 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: кей уақытта тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды қ.: 16 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман.

Жезқазған қ.: түнде және таңертен тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Атырау облысы

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 16 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 16 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 16 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 16 қазанда түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Абай облысы

Абай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Семей қ.: 16 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 16 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында туман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 16 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Алматы облысы

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың тау етегіндегі, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Алматы қ.: 16 қазанда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 16 қазанда солтүстік жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Перизат Саденова
Бөлісу: