09.09.2025
04:03
539
Тұман, бұршақ, өрт қаупі: 9 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Тұман, бұршақ, өрт қаупі: 9 қыркүйекте ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 9 қыркүйек күні Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Батыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары болса, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысы: солтүстігінде күндіз және таңертең шаңды дауыл соғады. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірде, соның ішінде Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі. Түнде найзағай, тұман болады. Петропавлда күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау облысы: көп бөлігінде төтенше өрт қаупі, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы: түнде таулы аудандарда найзағай. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Өңірде, соның ішінде Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы: батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде нөсер, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі. Костанайда күндіз найзағай, жел күшейеді. Өңірдің кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы: батысы мен солтүстік-шығысында жоғары, ал оңтүстік-батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысы: найзағай күтіледі, ал шығысы мен оңтүстігінде бұршақ, желдің күшеюі ықтимал. Семейде найзағай, жел 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы: найзағай, нөсер, күндіз бұршақ пен қатты жел күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Өскеменде найзағай.

Ұлытау облысы: түнде шығысында найзағай, солтүстігінде тұман күтіледі. Кей аумақтарда төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысы: түнде және күндіз кей бөлігінде найзағай. Өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше.

Маңғыстау облысы: түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман. Жалпы өңірде және Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы: найзағай, Алакөл маңында жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда найзағай, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде нөсер, бұршақ, қатты жел күтіледі. Көкшетауда да найзағай болжанады. Өңірдің бірқатар бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысы: өңірде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысы: таулы және тау бөктерінде найзағай. Алматы мен Қонаевта да төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматыда түнде найзағай, жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.