ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновті 5 млн еуроға бағалап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Түркияның «Бешикташ» клубы қазақстандық футболшыға қызығушылық танытып отырғаны жарияланған. Енді Мәскеу клубы Зайнутдиновті 5 млн еуроға сатуға дайын.
Fotomaç мәліметінше, Түркияның 16 дүркін чемпионының қазақстандық үш футболшыға көзі түскен: жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Мәскеу), Арман Кеңесов («Ақтөбе») пен Эльхан Астанов («Астана»).
Түркия басылымы бұл тізімде Зайнутдинов көш бастап тұрғанын жазды. Өйткені Түркияда алдағы маусымда қазақстандықтар легионер саналмайды.