Цифрлық құжаттар тізімі сақтандыру полисімен толықты

16 Наурыз 2023, 11:46 959

Цифрлық құжаттар тізіміне көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі қосылды, El.kz aқпaрaттық aгенттігі.

Енді қазақстандықтар көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің электрондық нұсқасын пайдалана алады.Сақтандыру полисі ресми түрде қағаз құжатпен қатар заңды күшіне ие және сақтандыру компаниясы, сақтандыру полисінің мерзімі және тағы басқа ақпаратты қамтиды, - деді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, цифрлық сақтандыру ыңғайлы, өйткені кез келген уақытта, мысалы, оның жарамдылық мерзімін, сенімділігін және басқа деректерді тексеруге болады.
 
Ол сонымен қатар цифрлық құжаттар тізімінде жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, туу туралы куәлік бар екенін атап өтті.
 
Жақында осы тізімге ҚР азаматының паспорты, сондай-ақ елімізде тұруға рұқсат беретін ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамдарға берілетін куәлікті қосылды. 
EL.KZ
Бөлісу: