Цифрлық даму министрлігі жыл қорытындысын жасады

17 Желтоқсан 2023, 00:41 1125

Цифрлық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен «Цифрлық даму министрлігінің цифрлары: жыл қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өз сөзінде Цифрлық даму министрлігінің басшысы ведомствоның барлық салаларындағы негізгі жетістіктерді атап өтті және еліміздің IT қызметтері саласындағы жетістіктеріне тоқталды.

Министр Бағдат Мусин бүгінде IT саласында 16 мыңға жуық компания жұмыс істейтінін, бұл салада еңбек ететіндер саны 182 мыңға жеткенін және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында IT-қызмет экспорты 247 миллион АҚШ долларына жеткенін айтты. Биыл экспорт көлемін 500 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Дрейпер университетімен бірлесіп жүзеге асырылған бағдарламаға 27 жоба қатысты. Қатысушы компаниялардың бірі Ciix Тим Дрейперден 1 миллион доллар инвестиция тартты. Бұл ретте Google for Startups компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған бағдарламаға 24 жоба қатысты. Бұл бағдарламаның нәтижесінде компаниялар 4,2 миллион доллар жинап, жалпы бюджеті 87,6 миллион долларды құрады, ал айлық табыс көлемі 535 мың долларға жетті.

Сонымен қатар, IT-мамандарын дайындауды мақсат еткен «Тех Орда» бағдарламасы жүзеге асырып келеді. Биыл онда 83 IT мектеп қатысып, 3183 оқушы біліп алып жатыр.

Биыл спорттық бағдарламалау федерациясы спорттық бағдарламалаудан екінші Қазақстан чемпионатын өткізеді. Білікті IT кадрларды дайындау үшін EPAM, Coursera, Samsung, Binance Academy, Huawei, Microsoft, NVIDIA, Glovo сияқты халықаралық IT-компаниялармен тығыз ынтымақтастық жүргізіп, оған 70 мыңнан астам қатысушы қатысты.

Цифрық қызметтер азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие. Сенімхаттың бес пайызы цифрлық форматқа көшірілді. Көліктерді тіркеудің 55%-ы онлайн режимде, ал ипотеканың 67 %-ы банктерден онлайн режимінде рәсімделеді. «Электрондық үкімет» әрбір азаматты туған күнімен құттықтауды немесе құжаттардың мерзімі өтіп кеткенін алдын ала хабарлауды үйренді.

Бұған дейін 700 мыңға жуық адам келісім-шарт жасауға жылына 30 күн жұсайтын, ал біз бұл уақытты 5 минутқа дейін қысқарттық. Енді жаңа пәтер иесіне СМС-хабарлама келіп, барлық коммуналдық шарттар онлайн режимде жасалды. Жоба республика бойынша таратылады,- деді Бағдат Мусин.

Жыл сайын аэроғарыш саласында экономиканың түрлі салалары үшін ғарыштық мониторинг жүргізіледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн га пайдаланылмайтын егістік, 45 заңсыз ағаш кесу, қоқыс жинаудың рұқсат етілмеген 5552 пункті, пайдалы қазбаларды өндірудің рұқсат етілмеген 1587 нысаны анықталды. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер қойнауын пайдаланушыларына арналған «Minerals.gov.kz» бірыңғай платформасы құрылды.

Платформа жер қойнауын пайдаланушыларға «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Бұл іс-шаралар осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда платформада қатты пайдалы қазбаларды өндіруге және барлауға лицензия алу бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2343 пайдаланушы тіркелді, олардан  барлау бойынша 1941 өтінім және  өндіруге қатысты 59 өтінім жіберілді. Олардың ішінде 66 лицензия берілді. Барлық жұмыс тек электронды түрде «онлайн» жүргізіледі.

Биылғы статистикалық деректердің қорытындылары Қазақстанның инновациялық даму саласындағы оң өзгерістерін айқындады. Инновациялық өнім көлемінің 2021 жылғы 1,4 трлн теңгеден 2022 жылы 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғаюы байқалады. Сондай-ақ, біз Жаһандық инновациялық индекстің халықаралық рейтингінде біздің ел екі позицияға – 83-тен 81-ге дейін көтерілді. 

Сондай-ақ, инновациялық гранттар аясында инновациялық жобалар мен стартаптарға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Барлық конкурстың қорытындысы бойынша 34 өтінім мақұлданды, оның ішінде жалпы сомасы шамамен 2 млрд теңгеге жететін 31 өтінім бойынша шарттар жасалды. Гранттар сомасы 1 198 млн теңгені, жеке сектор тарапынан қоса қаржыландыру 924 млн теңгені құрады.

2023 жылы өңірлерде бизнес-инкубаторларды дамыту бағдарламасы іске асырылды. Осылайша, 10 сәуір мен 12 мамыр аралығында «Qazinnovations» АҚ бизнес-инкубацияны қолдау бойынша өтінімдерді қабылдады, ұсынылған 37 өтінімнің 21-і мақұлданды.

Министрлік байланыс қызметтерінің сапасын үнемі қадағалап, жетілдіріп отырады. Биыл ауылдық елді мекендерде интернет сапасын жақсарту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілді, бүкіл ел бойынша 251 ауылға Интернет желісі қосылды, 1463 ауылда Интернет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл жүргізілген жұмыс көрсеткішінің 14,4 процентке артқанын көрсетеді. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға қарай, тағы 250 ауылдық елді мекенді Интернетпен қамту көзделіп отыр.

Биыл 176 ауыл KazSat Интернет спутнигіне қосылған. Өздеріңіз білетіндей, біз пилоттық режимде Starlink арқылы 10 мектепті Интернетпен қамтамасыз еттік. 2024 жылы 2000 мектепті қамту жоспарлануда. Биыл 3000 базалық станция орнатылды. Бүкіл ел аумағы бойынша 723 5G базалық станция іске қосылды, - деп атап өтті министрлік басшысы.

Бағдат Мусин сондай-ақ, байланыс операторларына қатысты айыппұлдарға тоқталды. Оның айтуынша, айыппұлдардың ұлғаюы операторлардың «нұсқаманы» сақтауының 33%-тен 65% - ке дейін өсуіне әсер етті. 2023 жылы 3 млрд 18 млн теңгеге айыппұл салынды және жоспардан тыс 763 тексеру жүргізілді.

Жылдың басында ұялы байланыста 67 «ақ дақ» мекен-жайы анықталды. Тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулері тұрғын үй кешендерінің 92%-інде өткізілді, оның ішінде 24 тұрғын үй кешенімен байланыс станциясын орнату бойынша келісім жасалды, ал 13 тұрғын үй кешенінде монтаждау кезеңі аяқталды.

Қазіргі уақытта байланыс операторлары 800-ге жуық 5G базалық станциясын орнатты. Мысалы, Астанада 137, Алматыда 349, Шымкентте 116 базалық станция орнатылды.

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы 2024-2027 жылдар аралығында іске асырылады. Жоба аясында халық пен бизнесті жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2027 жылы тұрғын үй желілері кең жолақты Интернетпен 100%-ке дейін қамтылады деген болжам бар.

 

Берік Арманов
Бөлісу: