Цифрлы Қазақстан: бүгіні мен бағдары

30 Сәуір 2018, 09:23 11083

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы туралы жиі естиміз. Ал ол туралы нақты не білеміз?

Алдымен цифрлы технологиялар не үшін енгізіледі деген сұраққа жауап беріп көрейік. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Оның экономикаға әсері қандай болмақ десеңіз:

- Өнеркәсіптік өндірістің автоматизациясы өндірістік шығындарды қысқартуға, тауардың өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

- Ірі ІТ-жобаларды жасау және оларды қоғам өмірі мен бизнестің түрлі салаларына енгізу арқылы экономиканың жаңа салаларын дамытады.   

- Электронды коммерцияны дамыту тауарлар мен қызметтер ассортиментін дамытады, оларды қолжетімді етеді, сонымен қатар өз тауарларымызды әлемдік нарықта сатуға, сатып алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар цифрлы технологиялар бүгінгі нарықтағы басты көрсеткіштердің бірі - қызмет көрсету сапасын да арттыра алады. Мұны құрметті оқырман, өздеріңіз күнделікті көріп, тіпті пайдаланып жүруіңіз әбден мүмкін. Себебі бұл жүйелер біздің өмірімізге дендеп еніп келеді. Сонымен қызмет көрсету саласындағы басты артықшылықтары:

Уақытты үнемдеу. Азаматтар такси шақырудан бастап, айыппұлдар мен комуналды қызмет ақысын тлеумен қоса өз уақыттарын үнемдей алады.

Білім беру саласында қызметтер сапасын арттыру. Ата-аналар балаларының мектептегі оқу ұлгерімін қадағалай алады. Сондай-ақ азаматтар Интернет арқылы білімдерін жетілдіріп, жаңа машықтарды игере алады (вебинарлар, онлайн курстар).

Денсаулық сақтау саласында қызметтер сапасын арттыру. Әрбір азамат дәрігерге қаралудың ыңғайлы уақытын таңдай алады, сондай-ақ «денсаулығның электронды паспортына» ие болады. Тұрғындар Интернет арқылы сапалы медициналық диагностикадан өте алады.

Халықтың өмір сапасын арттыру. Цифрлік технологиялар қалалық өмірді жақсартуға бағытталған. «Ақылды қалалар» технологиялары азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуге, жайлылықта өмір сүруге және смартфонындағы қосымшалар арқылы өзіне қажетті ақпаратты жылдам әрі оңай алуға көмектеседі.

Мемлекеттік басқару тиімділігін қамтамасыз ету. Цифрлік технологияларды пайдалану мемлекет пен қоғам арасында келесі сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған: тиімділік, ашықтық, кәсібилік. 

Бұлардың барлығы цифровизация мүмкіндіктерінің бір шағын бөлігі ғана. Бағдарламада қойылған мақсаттардың барлығына қол жеткізу үшін халықтың жобаны қолдауы әрі кеңінен пайдалануы қажет. 

Қазақстанның экономикасының бүгінгі цифровизациясының деңгейі – бұл тосқауыл емес, үлкен қадам жасау мүмкіндігі. Осы арқылы еліміз әлемдік аренада алдыңғы позицияларға шығу мүмкіндігіне ие болмақ. Мұндай амбициялық мақсатқа жету үшін бағдарлама 5 негізгі бағытқа бөлінген:

Бұл мақаламызда алдымен бірінші бағыт - экономика саласын цифрландыруды қарастырайық. Бұл бағыт өз кезегінде 5 міндеттен тұрады: Өнеркәсіп және электрэнергетикасын цифрландыру; Көлік және логистиканы цифрландыру; Ауыл шаруашылығын цифрландыру, электронды сауданы дамыту; Қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Бағдарламаның қабылданғанына көп уақыт бола қоймаса да, бұл бағыт бойынша бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылды.Мәселен, көлік және логистика саласындағы жобаларды айтуға болады. Қазір халықтың басым көпшілігі қала ішілік, қала аралық, халықаралық сапарларының өзіне билетті үйден шықпай-ақ сатып алу мүмкіндігіне ие. 

Билеттерді онлайн сатып алу -  Бүгінгі таңда Қазақстанда көлікке билетті интернет арқылы сатып алу кеңінен қолдануда, бұл адамдардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Навигациялық жүйелер – жаңа құралдар пайда болып, ең ұтымды бағыттарды таңдау мүмкіндігі туындады. Бұл тек алыс сапарлар ғана емес, қала ішілік қозғалыстарда да белсенді пайдаланылуда.

4.0 индустрияның қолданысқа енгізілген элементтері

Терең анализ датчиктерін қолдану. «Қазатомөнеркәсібі» АҚ, «Тенгизшевройл» ЖШС, және «ҚазЦинк» ЖШС өндірістерінде деректерді жинап, беруге мүмкіндік беретін соңғы модель датчиктері кеңінен қолданылуда. Мысалы, «Цифрлы кеніш» жүйесі бойынша «Қазатомөнеркәсібі» АҚ-да цифрлы датчик шығын өлшегіштер орнатылған.

Олар онлайн режимде өндірілген өнім көлемі туралы деректерді беріп отырады. Ары қарай бұл деректер оперативті түрде автоматтандырылған жүйеде өңделіп, проблемасы бар ұңғымалар анықталады. Егер бұрын деректерді жинау мен өңдеуге  екі аптадай уақыт кетсе енді проблема туындаған сәттен бастап оны жойғанша санауы сағаттар ғана кетеді. Жүйе автоматты түрде ірі ұңғымаларды айқындап олардағы ақауларды бірінші кезекте ретке келтіреді. Бұл адам ресурстарын, электр қуатын және химиялық реагенттер шығын едәуір мөлшерде үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпорындардың біріндегі мұндай пилоттық жоба операциялық шығындардың 10 %-ға азайтатынын көрсетті. «Қазатомөнеркәсібі» АҚ жүйесінде оң мыңға жуық ұңғыма бар екенін ескерсек, цифрлық оптимизация есебінен 12 млрд теңгеге жуық қаражат үнемделеді.

Виртуалды бизнес-консультанттарды қосу. Тәулік бойы онлайн кеңес беретін виртуалды көмекшінің бір мысалы ретінде «Sabina Virtual Assistant» жобасын айтуға болады. Бұл жоба Astana Hub бағдарламасы аясында құрылған технопарк қолдауымен жүргізіледі. Бұл виртуалды кеңесші тәулік бойы 24 сағат режимінде бірқатар  маңызды бизнес міндеттерді орындай алады. Яғни клиенттермен жұмыс жасаудан бастап, тренингтер мен виртуалды экскурсиялар өткізуге дейін міндеттерді толықтай өз деңгейінде орындайды. Мұндай виртуал кеңесшілер қазір көптеген банк жүйелері, ірі компанияларда енгізілуде. Бұл жаңа технология нәтижесі клиенттерге жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, осылайша компаниялардың нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттырады.

Ауыл шаруашылығындағы цифровизация. «Дәлдікпен жер өңдеу» жүйесі спутниктік және зертханалық деректер негізінде әр учаскенің сипаттамасына байланысты егістіктердің электронды картасын жасайды. Ал фермер болса, әр учаскеге ресурстарды шақтап, дәлдеп бере алады. Мысалы, бұрын дұрыс суарылмаған егістіктердің өнімділігін арттыру үшін, бір өнім өсірілген алқаптарды түрлендіру үшін электронды карта деректеріне сүйенген жөн. Бұл карта сонымен қатар тыңайту, тұқым себі, суару бойынша дәл әрі кәсіби нұсқауларды беріп отырады.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын тағы бір жаңалық малға жем-шөп берудің автоматтандырылған жүйесі. Солтүстік Қазақстан облысында цифрлік ферма жұмыс жасауда. Мұнда компьютерлер малдың жем-шөп жеу уақыты мен мөлшерін тіркеп отырады.

Ал «Zhersu» инвестициялық-өндірістік корпорациясында мал бағатын электронды бақташылар бар. Бірнеше жыл бұрын «Арқарлы Майбүйрек»  мамандары Қазақстанға ангус және герефорд тұқымды етті-сүтті сиырлардың 6 мыңнан астам басын әкелген еді. Осылайша экспорттық ет алуға арналған премиум-класты ірі қаралар бағатын төрт ферма ашылды.  Zhersu корпорациясы бірінші болып электронды бақташылар жүйесін енгізді. Мұнда жайлауды дрондар қадағалап, малдың жайылып жүргені туралы дәл деректерді беріп отырады. Ал электроника жұмысын бақташы мен ветеринар қадағалап отырады. Жүйе 1 мың шақырым аумақты қамтиды, ал мамандар қажет бола қалған жағдайда тиісті орынға санаулы минуттарда жете алады. Бұл әзірге бастамасы ғана, кеесі мақалаларымызда қалған төрт бағыт бойынша жасалған жұмыстар туралы кеңінен ақпарат береміз.          

        

Бөлісу: