Елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында бірқатар іс-шара өтеді. Президенттің берген тапсырмасына сәйкес, Премьер-Министр Олжас Бектенов жоспарды бекітті.
Жоспар 8 бағыттан тұрады. Соның ішінде 100 іс-шара өтеді. Қандай десеңіз, AI-SANA бастамасы аясында адами капиталды дамыту, мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру бар. Оған қоса киберқауіпсіздікке, цифрлық инфрақұрылымға, салаларды цифрландыруға күш салады. Қалалар мен өңірлерді кешенді дамытуға және жаңа экономиканы қалыптастыруға назар аударылады.
Стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету
Бұл бағытта «Digital Qazaqstan» стратегиясын әзірленді. Осы саладағы отандық IT-компаниялардың салығы жеңілдеуі мүмкін. Сондай-ақ цифрландыру, жасанды интеллект, деректер, киберқауіпсіздік, телекоммуникация және цифрлық активтер саласы бойынша негізгі заңнамалық бастаманың кемінде 90%-ын қабылданады.
Адами капиталды дамыту
AI-SANA бастамасы аясында ЖИ-білім беруді мектептерде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ ересектерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларында кеңінен енгізу көзделген.
Орта білім беру деңгейінде Day of AI Qazaqstan бастамасы мен TUMO орталықтарын ашу пысықталып жатыр. Жалпы алғанда, 450 мың оқушы мен оқытушы цифрлық және ЖИ-дағдыларды дамыту бағдарламасына қатысады. Бұл – барлық білім беру саласындағы ұйымға қатысты.
Биыл ЖИ-мамандарын дайындау үшін AI University жобасының алғашқы кезеңі іске қосылады. Өңірлерде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі кеңейтіледі. Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор басшыларына арналған «AI Governance 500» бағдарламасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілерге арналған AI Qyzmet бағдарламасы жалғасады. Компания қызметкерлері ЖИ көмегімен жұмыстарын жеңілдететін бизнеске арналған жаңа AI Corporate бағдарламасы іске қосылады.
GovTech: мемлекеттік басқарудың цифрлық моделі
Мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру аясында цифрлық жұмыс орнына баса назар аударылады. eGov және eGov business мүмкіндігі кеңейеді. Әлеуметтік әмиян қызметтерін дамыту және Ұлттық ЖИ платформасында ЖИ шешімдерін енгізу жоспарланған.
Нәтижесінде:
Әуеде де байланыс орнайды
Сонымен қатар пойызда, ұшақта, туристік аймақтарда және шекара маңындағы нысандарында интернет қолжетімді болады. Заманауи Direct to Cell спутниктік байланысы іске қосылады. Әсерінен цифрлық қызмет сапасы кемінде 75%-ға артады.
Киберқауіпсіздік және цифрлық инфрақұрылым
Бұл бағытта ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай контурын нығайту, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне кибераудит жүргізу, кемшілікті жою және дербес деректерді қорғау шараларын күшейту көзделген. Мемлекеттік жүйелерді жаңа мемлекеттік деректерді өңдеу орталығына көшіреді.
Салаларды цифрландыру
Экономиканың негізгі драйвері санатындағы салаларда түрлі цифрлық шешім енгізіледі. Мысалы, басқару процестерін автоматтандыру, деректерді цифрландыру және Big Data қалыптастыру, ЖИ арқылы талдау, цифрлық егіздер жасау, IoT датчиктері мен дрондарды пайдалану және салықтық әкімшіліктің цифрлық моделі мен проактивін енгізу бар.
Жоспарға сәйкес:
Қалалар мен өңірлер
Қалалар мен өңірлерді кешенді цифрлық дамыту аясында ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады, автожолдар мобильді интернетпен қамтылады, 20 қалада 5G желісі дамытылады.
ХҚКО-лар Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңселеріне трансформацияланады. Астанада Smart City жобасы іске қосылып, IT-хабтар кеңейтіледі.
Нәтижесінде:
Жаңа экономика
Жаңа экономиканы қалыптастыру бағытында пилотсыз индустрияны дамыту және төмен биіктіктер экономикасын дамытады. (ЭҚР аясында кемінде 5 пилоттық жобаны іске қосу). Криптоиндустрия мен цифрлық активтерді іске қосу, мемлекеттік майнинг жобаларын жүзеге асыру және отандық спутниктерді орбитаға және экспортқа шығару жоспарланған.