Целиноград ауданының Ақжар ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, ас үйдегі төбесі жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына төтеншеліктер дереу жеткен. Олардың жедел әрекетінің арқаында өрт сөндірілді. Қызыл жалын аумағы - 12 шаршы метр.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.