02.05.2025
23:41
1893

Целиноградта төтеншеліктер жарылыстың алдын алды

Целиноград ауданы Талапкер ауылында жеке тұрғын үй ауласындағы гаражда өрт шықты. Қызыл жалын шарпыған аумақ - 70 шаршы метр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Өрт сөндіру барысында төтеншеліктер 27 литрлік үш газ баллонын алып шықты. Ешкім зардап шеккен жоқ, өрттің себебі анықталуда.