Целиноград ауданы Тастақ ауылында 6 тонна шөп жанды. Құрғақ шөп жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жинаулы тұрған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер шұғыл әрекет етті. Соның арқасында қызыл жалынның шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Ақмола облыстық ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.