Тренд қумай брендке жұмыс жасау керек – Тоғжан Жахин

8 Ақпан 2023, 18:00 1540

Қазақ баласы мектеп бітіргенде кем дегенде бір аспаптың тілін білсе, дейді композитор

Дәстүрлі өнерді дәріптеп, ұлттық аспаптарды насихаттап жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – Тоғжан Жахин. El.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ұлттық өнерді насихаттаудың жаңа деңгейіне көшу керектігін айтып, оны классика деп қабылдау керектігін жеткізді.

 «Біздің саланы жаңа бағытта дамыту қажет. Халықаралық мектептерде қолданатын әдіс-тәсілдерді енгізілсе деймін. Біріншіден жақсы менеджмент, маркетолог мамандарын тарту керек. Нарықта өз орнымызды сақтап қалу үшін қазіргі технологиямен қатар жүру керекпіз. Театрлар мен филармония қабырғаларында жарнама, таргет деген сөздер үйреншікті болып, қалыпты болуы тиіс», - дейді ол.

Композитордың халқына ұсынылған рухани кештерінде қазіргі уақытта көп қолданыла бермейтін көне аспаптардың үні жаңғырып, автордың шығармаларымен қатар, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген қазіргі заман композиторларының жаңалық әкелген шығармалары қатар орындалып жүр. Өнер кеңістігінде төл аспаптардың алар орнын айқындау басты міндетім деп сайнайтын өнерпаз аспаптардың сарыны, үні ұмытылмас үшін, арнайы туындылар жазып, репертуар қорын көбейтіп халыққа ұсынуда.

- Халық күнделікті тіршілікте дәстүрлі өнерді көп қажет ете бермейді. Жастарды әлеуметтік желі тәрбиелеп жатыр. Қазақ баласының санасында қазақтың төл өнеріне деген сүйіспеншілікті қалай арттырамыз?

- Төл өнерді насихаттау бізге аманат деп есептеймін. Қазақтың ұлттық аспаптары көнеден келе жатқан құнды жаухарларымыз, оны жоғалтып алмау қажет. Әрбір қазақ баласы мектеп бітіргенде бір ұлттық аспапта ойнап шықса, деп армандаймын. Бұл тәжірибе қазіргі кезде Азия елдерінен  халықаралық мектептерінде бар. Мысалы Онтүстік Кореяда. Өскелен ұрпаққа осы ұлттық өнерді насихаттаудың маңыздылығын өнерде жүрген азаматтардың бәрі сезуі тиіс.

- Өзіңіз бұл бағытқа қалай келдіңіз? Жан қалауымен таңдаған мамандығыңыз ба?

- Жалпы өнерге  үлкен арманмен келдім. Шығармашылық жолымды 2004 жылы филармония қабырғасында Қазақ оркестрінде бастаған едім. Тұңғыш күйлерім және шығармаларым осы кезде жазылды. Бұл өнерге келуіме атамның әсері көбірек болды. Кішкентай кезімнен күйлерді, әндерді сол кісіден тыңдап өстім. Мықты домбырашы болуды армандап біраз талпындым. Бірақ ішкі дүнием толықтай композиторлық өнерден ашылды деп ойлаймын.

- Өнер кеңістігінің бүгіні бұлыңғырлау, еліктеу де көбейіп кетті. Жастар дәстірлі аспап, музыка дегенді ұмытқандай...

- Тренд қумай брендке жұмыс жасау керек. Бізде жаңа сатыға көшіп, өнерімізді «жастардың тілінде» насихаттап үйренуіміз керек. Сондықтан жастардың сұранысы төмендеген жоқ деп есептеймін. Ал біз сол сұранысқа сай бағыт жасап жатырмызба!? Сол сұрақ болып тұр.

Қазіргі кезде жастарды халық және халық композиторларының ән-күйлерін тыңдауға концерттік залдарымызды толтырамыз деп айта алмаймыз. Оның бәрі жарнамаға байланысты. Олар келмейді емес келтіре алмай жүрміз. Әдістерімізді жаңарту керек. Ал сұраныс ол әр кезде бар. Ұлттық өнерге қызығушылық жоғары. Музыка мектептері, шығармашылық байқаулар көп ұйымдастырылып жатыр.

- Бүгінгі даму деңгейі қандай? Ұйымдастыру шараларына қандай да бір қолдау көрсетіледі ме?

- Жоғарғы буын айтқандай біз ұлттық өнерімізді классика деп қабылдау керекпіз. Сонда санамыз дұрыс қалыптасады. Өнер кеңістігі қазіргі кезде сан алуан деп толықтай айта аламыз. Концерттер,шығармашылық кештер, кездесулер жақсы жобалар өтіп жатыр. Халық пандемиядан кейін концерттермізге сағынып жиі келеді. Қолынан іс келетін шеберлеріміз де көбейді. Олардың ішінде ерекше талантты жастарда бар. Бәрі бір қалыпты дамып келе жатыр. Жоғарғы буын өнер қайраткерлерінен тәлім алып, жаңа жобаларды шығарып дамыту керек.

- Оқырмандарға жеке шығармашылығыңыз жайлы білу де қызықты болар. Туындыларыңыз белгілі бір оқиға желісіне байланысты туындайды ма?

- Өзімнің шығармаларымды санап көрмеппін. Бірақ қазіргі таңда шамамен 50 ге жуық туындым бар деп айта аламын. Әрине басты қалауымыз көрермен саны артса дейміз. Біз халық үшін еңбек етуден талмаймыз.  Ал шабытқа келер болсақ, шығармалар әр түрлі шығады. Кейбіреуі тұлғалғаларға арнаулар, екіншісі оқиғаға байланысты шығады. Үшіншісі ішкі толғаныстан, терең ойдан туады. Әрқайсы ең бастысы тыңдарманның жүрегінен орын ала білу керек. Тыңдаған уақытта өзіндік бір оқиғалары есіне түссе ол да бір жетістік.

- Рухани кештердің адамға берер әсері?

- Рухани кештен адам жаңа оймен, ішкі толғаныспен, болашаққа деген сеніммен шығуы тиіс. Ұлттық аспаптарды тыңдаған адам өзінің түп тамырын сезіне алады. Ауылды, табиғатты, жан жануарларды есіне түсіріп толғанады. Қазіргі қала өмірінде рухани кештердің маңызы өте зор, деп есептеймін. Жан тыныштығын сыйлайтын мәдени кештерге барып үйрену керек.

- 2023 жылға қандай жоспарларыңыз бар. Көрермендеріңізді қалай қуантпақсыздар?

- Биылғы жоспарды орындап бастап кеттік. Үлкен дайындықтар жүргізілуде.

Ақан Серінің 180 жылдығына арналған концерт;

Наурызда Европаның Люксембург мемлекетінде,«Шалқыма» халық музыка ансамблін және «Халық ән» бөлімімен бірлескен мерекелік концерт;

Сәуірде «Сол бір кез» ретро концерті;

Мамырдың 17-сі «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің 25 жылдығына арналған концерт (XXV  концерттік маусым жабылуы);

Қыркүйек айында XXVI концерттік маусым ашылуы  «Өр Алтай» Шығыс-Тарбағатай ән- күйлеріне арналады;

Қазан айында ансамбльдің артисі, жетігеншісі, Мәдениет саласының үздігі,композитор Қарагоз Гасимованың шығармашылық кеші;

Қараша айында «Hit folk cover» деген жастарға бағытталған креативтік жобалар өтеді.

- Сұхбатыңызға рахмет, шығармашылық табыс тілейміз!

 

Айым Даниярқызы
Бөлісу: