Трансұлттық есірткі саудасы: шетелдіктер сотталды

22 Қазан, 14:01 457

Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімімен есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, олар Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған.

Бұл топ кейіннен Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген. Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған. Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды, - делінген мәліметте.

Қылмыскерлер синтетикалық есірткіні қатаң құпиялылықта жасаған. Үй онлайн режимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: