АҚШ-та Президент Дональд Трамп әкімшілігі ірі медиа компанияларға бұрын-соңды болмаған қысым көрсете бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Nytimes-тің жазуынша, Соның нәтижесінде ABC арнасы Джимми Киммелдің түнгі шоуын мерзімсіз тоқтатты.
Бұл шешім Киммелдің консервативті белсенді Чарли Киркке қатысты айтқан сөзіне байланысты қабылданған. Алайда жағдай Трамптың медиаға қарсы жүйелі әрекетінің бір бөлігі ретінде бағалануда.
Бұған дейін Трамп CBS және ABC арналарымен соттасып, миллиондаған долларлық келісімге қол жеткізген. Сондай-ақ CBS саяси сұхбат беру тәсілін өзгертуге мәжбүр болды.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі қысым деңгейі АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған құбылыс болып отыр.