Бүгiн, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайБүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановнің туған күні. Ол 1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Тірі болғанда биыл 84 жасқа толар еді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның есімі көпшілікке рухты поэзиясымен, Желтоқсан шындығын қорғаған азаматтық ұстанымымен және ұлттық құндылықтарды дәріптеген еңбегімен таныс. Алайда ақынның өмірінде екінің бірі біле бермейтін қызықты деректер де аз емес.
Таудағы тас орындық
Мұхтар Шахановтың балалық шағы Төле би ауданындағы Қасқасу ауылында өткен. Отбасы төбенің басындағы әкесі қаздырған жертөледе тұрған. Сол жертөленің жоғары жағындағы тау бөктерінде тастан жасалған қарапайым орындық болыпты. Болашақ ақын алғашқы өлеңдерін дәл сол жерде отырып жазған. Кейін өзі бұл орынды шығармашылыққа қанат қақтырған қасиетті мекен ретінде еске алған.
Әкесінен тоғыз жасында айырылды
Ақынның әкесі Досбол Шаханов Қасқасуда қари молда болған. Мұхтар тоғыз жасқа келгенде әкесі өмірден өтеді. Анасы 13 құрсақ көтеріп, үлкен әулетті тәрбиелеп өсірген. Кейін Шаханов көптеген сұхбатында анасының сабырын, кеңпейілдігін өміріндегі ең үлкен мектеп деп айтқан.
16 жасында бүкіл Қазақстанға танылды
Көп ақынның шығармашылығы үнсіз басталса, Мұхтар Шахановтың әдебиетке келуі елді елең еткізген оқиға болды.
Өзінің айтуынша, алғашқы өлеңін бала кезінде жазғанымен, 16 жасында республикалық газетте жарияланған шығармасы үлкен серпіліс тудырады. Басылым оны «16 жасар ақын» деп таныстырып, мақаладан кейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам хат келген.
Сол кезде жас талантты арнайы іздеп келген екі адам болған. Олар – композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Төлеген Айбергенов.
Анасы Шәмші мен Төлегенді туған ұлындай көрген
Бұл таныстық кейін үлкен сыйластыққа ұласқан. Мұхтар Шахановтың айтуынша, анасы Шәмші Қалдаяқов пен Төлеген Айбергеновті туған баласындай қабылдаған. Ал екі өнер иесі де ақынның анасын өз анасындай құрметтеп өткен.
Нағашысының бір ауыз өсиеті өмірлік ұстанымға айналды
Шаханов бала күнінде нағашы ағасы Ысқақтың тәрбиесін көп көргенін айтады. Ол күн сайын кем дегенде бір адамға жақсылық жасауды өсиет еткен.
Тағы бір сөзі ақынның өмір бойғы қағидасына айналған.
«Араққа әуес болма», – деген аманатты өмір бойы бұзған емеспін, – деп еске алған болатын ақын.
Негізгі мамандығы – тракторшы
Көпшілік оны тек ақын ретінде таниды. Алайда Мұхтар Шахановтың алғашқы мамандығы – тракторшы. Еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, кейін корректор, журналист, редактор қызметтерін атқарды. Артынша дипломат, депутат, қоғам қайраткері деңгейіне дейін көтерілді.
Желтоқсан ақиқатын Кремль мінберінен айтты
1989 жылы КСРО халық депутаттарының І съезінде Мұхтар Шаханов Желтоқсан оқиғасы туралы ашық сөйлеген санаулы қайраткерлердің бірі болды.
Ол қазақ жастарына тағылған «ұлтшыл» деген айыптың әділетсіз екенін айтып, Алматыдағы оқиғаға тәуелсіз комиссия құруды талап етті. Кейін бұл ұстанымы Желтоқсан шындығының ашылуына ықпал еткен маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.
Қазақ тілінің мәртебесі үшін де күресті
1989 жылы мемлекеттік тіл туралы заң талқыланған кезде қазақ және орыс тілін қатар мемлекеттік тіл ету ұсынысы көтерілді. Мұхтар Шаханов бұл бастамаға қарсы шығып, қазақ тілінің жалғыз мемлекеттік тіл болуы қажеттігін қорғады. Кейін заң дәл осы қағидамен қабылданды.
Поэзиясы ондаған тілге аударылды
Мұхтар Шахановтың шығармалары әлемнің 20-дан астам тіліне аударылған. Оның поэмалары мен балладалары Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен танылды. Ал Құз басындағы аңшының зары шығармасын қырғыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовпен бірге жазуы түркі әдебиетіндегі маңызды шығармашылық ынтымақтастықтың бірі саналады.
Мұхтар Шаханов шығармашылығында махаббат пен адамгершілік тақырыбымен қатар ұлттық рух, тарихи жады, тіл тағдыры және азаматтық жауапкершілік ерекше орын алады. Оның өлеңдері бірнеше буын оқырманды тәрбиелеп, қоғамдағы маңызды мәселелерді қозғаған туындылар ретінде бағаланып келеді. Ақынның өмір жолы қарапайым ауыл баласының табандылық пен ұлтқа қызмет ету арқылы қазақ әдебиетінің ең ірі тұлғаларының біріне айнала алғанының жарқын мысалы.
Жұбайының айтуынша, ең үлкен байлығы – жомарттық
Ақынның жары Ханшайым Шаханова естеліктерінің бірінде енесінің ерекше кеңпейіл адам болғанын айтып берген.
Қолына ақша түссе, өзіне керек затын ғана алып, қалғанын үйге келген адамдарға таратып беретін. Содан ерекше қуаныш табатын, – дейді ол.
Бұл қасиет кейін Мұхтар Шахановтың дүниетанымына да әсер еткені байқалады.
Бүгiн, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайКеше, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?Кеше, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат