Компания жақында шағын Land Cruiser-ді көрсетті. Бренд толық өлшемді, үш қатарлы машина әзірлеп жатыр және ол «крузак» тарихындағы алғашқы рамасыз машина болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған қоса Toyota жаңа пикап ұсынады, ол да Land Cruiser топтамасына кіреді. Жаһандық модельдері қатарында Hilux, Tacoma, Tundra сияқты жүк таситын көліктер көп, бірақ жаңа пикап рамалы шасси емес, көтергіш шанақ алады. Ол Hyundai Santa Cruz секілді жеңіл пикаптармен бәсекелеседі.
Бренд кроссоверді осыған ұқсас қағидамен жасайды және Land Cruiser бейнесін басқа сегментте көрсетеді. Марка бұл өнімін қала тұрғындары мен жолсыз жерге сирек шығатын, ұзақ сапарды жақсы көретіндерге ұсынады. Toyota Солтүстік Америкадағы Kia Telluride пен Ford Explorer сынды танымал модельдерден шабыт алған сияқты.
Рамалы шағын Land Cruiser FJ Азия елдеріне арналған, ал жаңа модельдер үшін басты нарық - Солтүстік Америка. Кросс-крузак Land Cruiser-дің 75 жылдығына орай келер жылы жарық көрсе, пикап 2027 жылы шығады. Топтамаға Америка нарығына арналған ірі жол талғамайтын көлік қосылуы мүмкін.