Тойға арнайы жасақ келген: Ақтауда қонақтар мен полиция қызметкерлері арасында жанжал туындады

31 Шілде 2023, 12:35 10741

Ақтауда мейрамхана маңында жанжал туындады. Аталған оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары сөзінше, 30 шілдеге қараған түні автодром маңында, мейрамханалардың бірінің сыртында мекемеге келушілер мен полиция арасында жанжал шыққан. Тіпті оқиға барысында арнайы жасақ жауынгерлері де көмекке келген.

Оқи отырыңыз:

Ал өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, кезекші пультіне Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінде қыз көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау келіп түскен.

Осы дерек бойынша 22 жастағы жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды, - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, видеода бейәдеп сөздер бар!

Равиль Ашығали
Бөлісу: