Тойда баланы теуіп жіберген даяшының қылығы желіні шулатты

31 Қазан 2023, 14:42 1155

Желіде тойда ас тасыған даяшының баланы теуіп жіберген видеосы таралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан байқағанымыздай табақтағы асты көтеріп келе жатқан даяшы қыздың алдында кішкентай бала тұрып қалған. Даяшы қыз тамақты төгіп алмайын деген ниетпен баланы теуіп жіберуге мәжбүр болған. Даяшының бұл әрекетін желі қолданушылары талқылап жатыр.

"Өте тәрбиесиз қыз екен, одан да тоқтап айтпай ма, баланы алыңыздар деп",  "Дұрыс. Неге балаларын апаарады? Апарды ма, ие болуы керек", "Қыз айналып өтсе болар еді, соншама аяқпен итеретіндей кедергі болғанда жоқ", "Аяғы шалынып құлап, баланың үстіне төгілсе не болар еді", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Телеарнасы (@astana.series)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: