20.04.2025
20:05
906
Төтеншеліктер Жетісу Алатауына аэрошолу жүргізді

Төтеншеліктер Жетісу Алатауына аэрошолу жүргізді

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" АҚ өкілдері Жетісу Алатауына аэрошолу жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2000 м биіктікке дейін қар жоқ, жоғарыда — 75 см-ге дейін қар жамылғысы бар. Бұдан өзге қар көшкіні іздері бар, бірақ мұз кептелісі жоқ, су еркін өтуде. Мореналық көлдер тұрақты, су тасқыны жағдайы бақылауда.