Төтеншеліктер 8 мыңнан астам улы газ датчигін орнатты

12 Қазан, 03:18 569

Елімізде жылыту кезеңіне дайындық аясында 15 тамыздан 15 қазанға дейінгі аралықта елімізде пештерді орнату талаптарын халыққа түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні профилактикалық жұмыстармен 320 мыңнан астам үй қамтылды, оның барысында 850 мыңнан астам адамға нұсқау берілді.

Жылыту маусымына дайындық шеңберінде төтеншеліктер жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1 маусымнан бастап 8 мыңнан астам улы, табиғи газ және түтін датчиктерін орнатты. Ведомстводағылар бұл бағыттағы іс-шаралар жылыту кезеңі бойы өткізілетінін атап өтті

Еске салсақ, өткен жылыту кезеңінде датчиктердің іске қосылуы 26 адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті.

ТЖМ улы газбен улану қаупін азайту үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді:

- мұржаны уақтылы тазалаңыз және желдету жүйесінің жұмысын үнемі тексеріп отырыңыз;

- пештер мен каминдерді қалау және жөндеуді тек мамандарға тапсырыңыз;

-тек жарамды электр құралдарын пайдаланыңыз;

- ережеге сәйкес пештер мен каминдерді пайдаланыңыз.

Перизат Саденова
Бөлісу: