Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Бүгiн, 16:00 134

Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы қаулысымен бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, - делінген қаулы мәтінінде.

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.  

Құқық қорғау, арнайы органдарында және мемлекеттік қызметте 30 жылдан астам жұмыс істеп келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: