Төтенше жағдайлар министрі су тасқынына байланысты үндеу жасады

27 Наурыз, 22:09 666

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы жағдай оның тікелей бақылауында екенін айтты.

Кеше республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты барлық министрлік бөлімшелері күйшейтілген режимге көшті. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп су тасқынына қарсы шаралар атқаралып жатыр. Қосымша күштер жағдай ең күрделі аймақтарға бағытталды. БҚО, Қостанай, Ақтөбе облыстарында жедел желі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқынының салдарын жою бойынша барлық шара қабылдануда, - деді Шыңғыс Әрінов.

Перизат Саденова
Бөлісу: