Төтенше жағдайлар министрі БҚО-дағы қорғаныс бөгеттерін тексерді

20 Сәуір, 02:01 780

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына қайта барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы Бөрлі ауданының елді мекендерінде салынған қорғаныс бөгеттерін тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің кейбір ауылдарын су басу қаупі әлі де сақталуда. 

ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды.

Қажет болған жағдайда «112» телефонына хабарласыңыздар.

Перизат Саденова
Бөлісу: