Төтенше жағдайлар министрі Алматыдағы селден қорғау құрылысын тексерді

24 Наурыз, 18:43 597

ТЖ министрі Алматы қаласындағы ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің дайындығын бағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрі министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары құрамымен «Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ақсай» өзенінің бассейніндегі селден қорғау құрылысын тексерді, Республикалық жедел-құтқару жасағының орталық базасында болды, онда ТЖМ басшылығына кинологиялық есептоптары, авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтары көрсетілді.

Сол күні «Тікұшақ айлағы» полигонының аумағында ведомство басшысы ТЖ-ны жою жөніндегі жедел қалалық штабтың жұмысын өрістетуді, мегаполистің азаматтық қорғау қызметтерінің, ТЖМ азаматтық қорғаныс полкінің күштері мен құралдарының дайындығын, бөлімшелер арасындағы байланыстың ұйымдастырылуын тексерді.

Полигон базасында шартты түрде баспанасыз қалған халыққа арналған шатырлы лагерь, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының жылжымалы госпиталы, медициналық көмек көрсету үшін 109 құтқару қызметі орналастырылды.

Әрі қарай олардың материалдық-техникалық жағдайымен танысу үшін мегаполистің өрт сөндіру бөлімшелеріне барды. Жұмыс сапарының соңында Алатау ауданын қорғауды қамтамасыз ететін Рысқұлов даңғылы бойындағы жөндеуден өткен мамандандырылған жасаққа барды.

Қазіргі уақытта мегаполистің өрттен қорғалуын 20 өрт сөндіру бөлімшесі қамтамасыз етеді. Өрт қауіпсіздігін нығайту және туындаған ТЖ-ға уақтылы ден қою мақсатында толық қамтылу үшін тағы 15 өрт депосы салуынуы қажет.

Айта кетейік, Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша биылғы жылы мегаполистің Түрксіб (Шығыс қақпасы ш/а), Наурызбай (Шұғыла ш/а.) және Наурызбай аудандарында (Қарағайлы ш/а.) тағы 3 өрт сөндіру депосын салу көзделіп отыр.

Министр төтенше жағдайларға тиімді ден қою және олардың алдын алу мақсатында жедел қызметтер мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлесімді жұмыстың басымдығына назар аудара отырып, бірқатар нақты тапсырмаларды белгіледі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: