28.04.2024
03:11
1104
Төтенше жағдай кезінде Жылыой ауданында 42 сәби дүниеге келген

Төтенше жағдай кезінде Жылыой ауданында 42 сәби дүниеге келген

Жылыой ауданы орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахмановтың айтуынша, тасқын кезінде өмірге келген нәрестелердің 20-сы ер бала, 22-сі қыз бала, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тасқын жағдайында эвакауация жариялануына байланысты сәбилердің арасында Атырау қаласында, Маңғыстау облысында дүниеге келгендері де бар.

5 сәуірден бастап өмірге келген сәбилердің арасында егіз нәресте де бар. 26 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жылыой аудандық ауруханасында босанудан кейінгі бөлімшеде 8 жас ана жатыр. Нәрестелердің де, аналарының да жағдайы қалыпты, - деді Жылыой ауданы орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов.

Жылыой ауданы бойынша бүгінгі таңда 1073 әйел адам жүктілігі бойынша есепте тұр.
Еске сала кетсек, 18 сәуір күні сағат 19.00-ден бастап, Жылыой аудандық ауруханасы науқастарды қайта қабылдай бастаған болатын.