12.12.2025
00:15
947
Төртінші финал: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалдан сүрінбей өтті

Төртінші финал: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалдан сүрінбей өтті

Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

71 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда тәжірибелі қазақстандық боксшы қырғызстандық Ихтият Нишановпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті – 5:0. Азия чемпионы әрі әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері бұл жетістігімен финалға өткен басқа да қазақстандықтар – Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) қатарына қосылды.

IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанда өз мәресіне жетеді.