Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының тренерлік штабы Хатинохе (Жапония) қаласында өтетін төрт құрлық чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, халықаралық турнир 15-17 қараша аралығында өтеді. Қазақстанның атынан 15 спортшы жарысқа қатысады.
Спортшылар арасында Ақжол Нұрәлі, Виталий Щиголев, Бақдәулет Сағатов, Евгений Кошкин, Никита Важенин, Роман Биназаров, Андрей Семенов, Алтай Жәрдембекұлы, Надежда Морозова, Кристина мен Инесса Шумековалар, Кристина Силаева, Мария Деген, Маргарита Галиева және Дарья Важенина бар. Олар медалдар үшін таласатын болады.