Торғай өзені тасып, үш ауылды су басты

26 Сәуір, 09:33 2785

Ақтөбе облысында Торғай өзеніндегі су шекті деңгейге дейін көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Салдарынан Ырғыз ауданындағы үш ауыл – Мамыр, Нұра және Белшер су астында қалды.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, осы кенттердің тұрғындары мен Құлыс ауылының тұрғындары аудан орталығына эвакуацияланды. Жалпы саны 1280 адам көшірілді.

Су тасқынынан Нұра ауылына көбірек зиян келген, ауыл аудан облыс орталығынан 90 шақырым жерде орналасқанымен, қазір бұл аумаққа тек екі есе ұзын 180 шақырымдық жол арқылы жетуге болады. Ауылдағы 112 үйдің 84-і су астында қалып отыр.

Торғай өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты, облыс әкімдігінің мәліметінше, Мамырда 22 үй, Белшерде 4 үй су астында қалды. Ырғыз ауданында барлығы 110 үйді су басып қалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: