Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының спортшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз ширек финалда франциялық Макан Траорені айқын басымдықпен жеңді. Есеп - 5:0. Осылайша Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанды.
Қазақтандық былғары қолғап шебері 13 қыркүйек күні Моңғолия-Англия жұбында үздік шыққан боксшымен кездеседі.