Төрехан Сабырхан қарсыласын екі рет нокдауға жіберіп, чемпион атанды

6 Мамыр, 16:23 756

Бокстан жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 67 келі салмақта жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанадағы аламанның Шешуші айқасында қазақстандық Төрехан Сабырхан мен өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоилов кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Сабырханды жеңімпаз деп тапты. Осылайша ол қоржынға Азия біріншілігінің алғашқы алтынын салды. Төрехан үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: