02.11.2024
22:40
2033
Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанды

Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанды

Ұлттық құрама боксшысы Төрехан Сабырхан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

67 келі салмақ дәрежесіндегі доданың алғашқы айналымда Монтенегро боксшысы қазақстандық спортшымен жұдырықтасудан бас тартты. Әрі қарай Төрехан Сабырхан Ауғанстан (5:0), Өзбекстан (5:0) және Қытай (5:0) боксшыларынан басым түсті. Ал ақтық сында қазақ боксшысы кубалық Дэвид Эспиносаны жеңді.