06.09.2025
20:46
880
Төрехан Сабырхан әлем чемпионатында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр. 

Төрехан үшін алғашқы дебюттік кездесу оңайға соққан жоқ. Ол алжирлік Эсуф Яиче лайықты қарсылық танытып, айқасты шиеленістіре түсті. Дегенмен, үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.