Төреғали Төреәлі имиджін түбегейлі өзгертті

2 Шілде, 14:09 558

Қазақстандық 31 жастағы әнші Төреғали Төреәлі көше музыкантына айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әртіс ерекше эксперимент жасап, оны әлеуметтік желіде жариялады.

Видеоның астында бүгін туған күнін атап өтіп жатқан Мұхтар Шахановтың өлеңінен үзінді келтірілген.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға, - деп жазған әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐆𝐀𝐋𝐈 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐀𝐋𝐈 (@toregalitoreali)

Кадрда сақал қойған ер адамның қолына гитарасын ұстап ән айтып тұрғанын көруге болады. Бірақ әншінің дауысын өтіп бара жатқан адамдар бірден таныған секілді. Соңында Төреғали бас киімі мен сақалын шешіп, көпшілікке алғысын жеткізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: