Торғай халқының аманаты Президентке жетті

16 Маусым 2022, 17:51 1839

Ұлттық құрылтайдың мүшесі, танымал ақын Светқали Нұржан Ұлытау төрінде Президентке Торғай өңірі халқының аманатын жеткізді, деп хабарлайды El.kz.

– Елдің бір өтінішін айта кеткім келіп отыр. Ұлтымыздың ұстазы, ұлы көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Торғай елінің азаматтары маған аманат жүктеді. «Сен жеткізші, бұл жалғыз Торғай емес, бүкіл қазақ елінің арман-тілегі ғой. Ахмет бәріміздің төбеміздегі алтын шырағымыз ғой. Анау туған топырағы Сарытүбекті бір қамқорлыққа алып, назарын салса екен. Сол жерге жол тартылса екен, ата қорымы құрметтелсе екен, қыстауының орны ертеңгі тойына дейін бір қалыпқа келсе екен» деп жатыр», - деді ақын.

Бөлісу: