Тоқтар Серіков қанша жылқысы барын айтты

6 Ақпан, 14:28 17406

Көпшілік танымал отандық әнші Тоқтар Серіковтің жылқы өсірумен айналысатындығын да біледі. Өнер иесі «ХабарLike» бағдарламасында қонақ болып келіп, қанша бас жылқысы барын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәулет Тұрлыханов ағамызбен үлкен тойда бас қостық. Жанында әңгімесін тыңдап отырмын. Бейбіттен «Тоқтардың қанша жылқысы барын білесің бе?» деп сұрап еді, Бейбіт хабары жоғын жеткізді. Ағамыз «Неге білмейсің? Тоқтардың жылқысы өте көп қой» деді. Себебі екеуміздің жайлауымыз да, қыстағымыз да бір жерде. Негізі қазақ баласы мен малының санын айтпаған ғой. Бар! Құдайға шүкір, жетеді, - деді Тоқтар Серіков.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: