Тоқтар Серіков екі қаладағы концертін кейінге қалдырды

1 Қараша 2023, 09:46 1433

Әнші Тоқтар Серіков Өскемен мен Павлодар қалаларындағы кешін желтоқсан айына ауыстырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ассалаумағалейкум, ағайын! Құрметті, Павлодар мен Өскемен өңірінің жұртшылығы, 31 қазан және 1 қараша күндері өтетін концертімді аяқ асты денсаулығымның жарамай қалуына байланысты басқа уақытқа ауыстыруға мәжбүр болып отырмыз. Сіздерден кешірім сұраймыз, - деп жазды парақшасында.

Сонымен қатар әнші кейінірек концерттік баннерді бөлісті. Ол жерде Павлодардағы концерттің - 1 желтоқсанға, ал Өскеменде өтетін кеш қарашаның 30-да болаты жазылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: