01.09.2023
16:09
1806
Тоқаевтың көмекшілері тағайындалды

Тоқаевтың көмекшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта жасақталғаны жөнінде жазған едік.

Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшының өкімдерімен:

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;

Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.