12.12.2023
12:25
1507
Тоқаевтың кеңесшісі Өзбекстан президентінің қызымен кездесті

Тоқаевтың кеңесшісі Өзбекстан президентінің қызымен кездесті

Өзбекстан президентінің қызы әрі бірінші көмекшісі Саида Мирзиеева әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық әріптесімен кездескені туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан президентінің бірінші көмекшісі Саида Мирзиеева Қазақстан президентінің көмекшісі Руслан Желдібаймен кездесу өткізді.

Кездесу Ташкенттегі «Джадидтер: ұлттық бірегейлік, тәуелсіздік, мемлекеттілік идеялары» ғылыми конференциясы аясында өткен.

Біз Орталық Азия джадидтерінің елдеріміз халықтарының бірлігін нығайтудағы рөлі, олардың шығармашылығы және өңірдің дамуына қосқан үлесі туралы пікір алмастық, – деп жазды Мирзиеевтің қызы. 

Уикипедияда джадидизм консервативті және радикалды ағымдарға қарсы Ислам модернизмінің идеологиясы деп көрсетілген.