06.11.2024
12:30
1566
Тоқаевты Жапаров «Ынтымақ Ордо» ғимаратында қарсы алды

Тоқаевты Жапаров «Ынтымақ Ордо» ғимаратында қарсы алды

Мемлекет басшысы Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.