29.11.2022
14:14
1053
Тоқаевты Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды

Тоқаевты Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Қасым-Жомарт Тоқаевты Франция Президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды. Рәсімнен кейін мемлекеттер басшыларының екіжақты келіссөзі басталды", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапармен Францияға барғаны туралы жазған едік.