24.08.2025
09:26
416
Тоқаев Зеленскийді Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Зеленскийді Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі.