05.05.2025
18:46
2133
Тоқаев Вьетнамнан келген шенеунікті қарсы алды

Тоқаев Вьетнамнан келген шенеунікті қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.