29.12.2024
19:02
1224
Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған қазақстандықтарды марапаттады

Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған қазақстандықтарды марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Ақтау әуежайы маңындағы ұшақ апаты 25 желтоқсанда болды. Апат кезінде оқиға орнына барған мамандар аман қалған жолаушыларға жедел түрде қажетті көмектің бәрін көрсетті.