Тоқаев судьяларға қатысты кадрлық өзгеріс жасады

29 Қазан 2022, 16:49 1355

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату" туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды El.kz.
 
Құжатқа сәйкес, Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Бекетов Марлен Мәлімгерейұлы, Ақтөбе қалалық сотына Омарова Марал Мырзахметқызы судья болып тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірқатар судьяларды қызметінен босатты:

  • Қостанай облыстық сотының төрағасы Смолин Анатолий Сергеевичті отставкаға кетуіне байланысты;

  • Астана қаласы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қабиденова Динара Хәкімқызын басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

  • Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әлқожаев Қыдырбек Қорғанбекұлын қайтыс болуына байланысты;

  • Алматы қаласы Бостандық ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Сырлыбаев Қанат Қадырұлын Қазылар алқасының шешімі бойынша тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін;

  • Қызылорда облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бекмәмбетов Ғалымжан Бақытұлын Қазылар алқасының шешімі бойынша тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 
EL.KZ
Бөлісу: